Ақтөбеде атыраулық футбол фанаттарын ұрып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде атыраулық футбол фанаттарын соққыға жығып, ойын кезінде бейəдеп сөзді дронмен ұшырған адамдар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда Қазақстан Кубогы өткен болатын. «Атырау» мен «Қайрат» командасы арасындағы ойын кезінде алаңға бейəдеп сөз жазылған парақша ұшырылды. Қазіргі уақытта полиция күдіктілерді анықтау жұмысын жүргізіп жатыр.

«Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметі бейəдеп сөз жазып, оны стадион ішіне дронмен ұшырған күдіктілерді анықтап жатыр. Оқиға бойынша əкімшілік іс қозғалды. Ал «Атырау» футбол клубының атрибуттары бар киім кигендерді ұрған бейнематериал бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу құпиялылығына байланысты өзге ақпарат таратылмайды»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Драка болельщиков #Актобе против Атырау

Публикация от Aktobe Zello - Official Page (@aktobe_zello) Окт 15 2017 в 9:54 PDT

Соңғы жаңалықтар