Ақтөбеде ағайынды Жұбановтар тұтынған заттар көрмеге қойылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Ембі қаласындағы музей ағайынды Жұбановтарға тиесілі заттарды көрмеге қойды. Құнды жәдігерлер арасында Ахмет Жұбанов киген фрак, шапан бар. Ғазиза Жұбанованың сахнаға арналған көйлегі әкелінді. Сонымен қатар, Құдайберген Жұбановтың латын әліпбиінде жазылған баяндамасы сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жерім - нұрлы елім» акциясы өтіп жатыр. Ақтөбе облысындағы әр аудан құнды жәдігерлері мен ел ішінде атқарылып жатқан істерін таныстырып, мәдени-танымдық шаралар ұйымдастыру міндеттелген. Бүгін Мұғалжар ауданы ағайынды Жұбановтар тұтынған заттар мен олардың ғылыми еңбектері жазылған кітаптарды көрмеге қойды.

null

«Құдайберген Жұбановтың жұбайы Раушан Оспанқызы киген тон музейде бар. Жұбановтарға тиесілі жәдігерлердің басым бөлігін Алматыда тұратын туған-туыстарынан, пәтер музейінен алынды. Сонымен қатар, Ахмет Жұбановтың «Замана бұлбұлдары», «Құрманғазы Сағырбаев» кітаптарына 60 жылдары өз қолтаңбасын қалдырған екен. Бұл да біз үшін құнды жәдігер. Ахмет  Жұбановтың 1950 жылдары киген фрагін жергілікті тұрғын тапсырды», - ағайынды Жұбановтан мемориалдық музейінің директоры Ұлболсын Мұхамбетова.

null

Көрмеде Қарақалпақ елінің Ахмет Жұбановқа жапқан шапаны бар. Ғазиза Жұбанованың концерттік көйлегі сақтаулы тұр. Ал Құбайберген Жұбановтың латын әліпбиінде жазылған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты еңбегі студенттердің қызығушылығын тудырды.

null

«1928 жылы Қызылорда қаласында өткен конференция кезінде «Латын емілесі және латын әліпбиіне көшу» туралы баяндама оқыған. Бізде «Қазақ тілінің грамматикасы» атты еңбегі бар. Жазба 1936 жылы жарыққа шыққан. Музыка саласын зерттеген кезде «Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы» еңбегін латын әліпбиінде жазған. Қазіргі кезде бұл біз үшін құнды құжаттар», - деді экскурсовод Нұрлыгүл Қожанова. 

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар