Ақтөбеде 8 жастағы бала суға батып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Сазды өзеніне тағы бір бала батып кетті. Бұған дейін қаланың ортасындағы осы өзенге шомылған үш оқушы суға ағып кеткен еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының ортасымен ағып жатқан Сазды өзеніне 8 жастағы бала түсіп, ажал құшты. Ата-ананың бақылауынсыз қалған мектеп оқушысының денесін құтқарушылар 2 метр тереңдіктен алып шыққан.

«2009 жылғы бала сол маңда тұрады екен. Қала ішіндегі саяжай тұрғыны түс мезгілінде суға түскен. Жанында ата-анасы болмаған. Біз қала тұрғындарына жазғы демалыста балаларды қадағалаусыз қалдырмауды сұрап, ескерту бердік. Бірақ нәтиже аз. Балалар белгіленбеген жерге суға түсіп, арты қайғылы жағдайға душар етіп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағы кезекшілік-диспетчерлік бөлімінің басшысы Оксана Кичигина.

Еске салсақ, Балаларды қорғау күні Ақтөбедегі Сазды өзеніне үш оқушы түсіп, мерт болған болатын. https://kaz.inform.kz/news/aktobede-ush-bala-ozenge-batyp-ketti_a3032116 Жаз мезгілінде өзен арнасы тартылып қалмауы үшін арнайы су құйылып, толтырылады. Қала ішіндегі бұл жерге шомылуға тыйым салынғанымен, ережені сақтау тәртібін ешкім қадағалап жатқан жоқ. Жыл басынан бері өңірде 9 адам суға кетіп, қаза болды. Оның жетеуі бала.

Соңғы жаңалықтар