Ақтөбеде 6 мектеп пайдалануға беріледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында 10 мектеп салынып жатыр. Биыл 6 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 10 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның төртеуі өткен жылдан 2017 жылға ауысқан жоба. Мектептердің бәрі халық тығыз орналасқан жаңа аумақтарға салынып жатыр.

«Қаламызда он мектептің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының мердігерлері анықталып, жұмыс басталды. Биыл тағы екі мектептің құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлінеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта келісім шартқа қол қойып, биыл жұмыс басталады деген жоспар бар. Негізінен биыл 6 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Оның төртеуі жаңа оқу жылында, екеуі қараша айында іске қосылады», - деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов. «Нұрлы жолмен» салынып жатқан мектептердің ішкі дизайнын арнайы мамандар дайындайды. Бұл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен іске асырылып жатқан жұмыс.

«Кейбір мектептер құрылыс уақытынан бұрын салынып жатыр. Мәселен, Батыс-2, Сазды ықшам ауылындағы 600 орынды мектептерді тапсыру желтоқсан айына жоспарланып еді. Біз тамызда аяқтап, жаңа оқу жылында пайдалануға береміз. Негізінен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қала мектептеріне 12 миллиард теңге бөлінді. Қазігі уақытта 800 миллион теңгеден астам қаржы игерілді», - деді Жандос Байырханов. 

Соңғы жаңалықтар