Ақтөбеде 55 жастағы әйелді қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізуші есірткі тұтынған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Кеңес Нокин даңғылында жол-көлік апаты тіркеліп, 55 жастағы әйел қаза болды. Полиция  жүк көлігі жүргізушісінің ескірткі тұтынғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты болған жерге жедел жеткен полиция КаМАЗ көлігінің жүргізушісін ұстады. 27 жастағы жүргізуші есірткі қолданған. Ал жаяу жүргінші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болды.

«Жол-көлік апаты кезінде 55 жастағы әйел көз жұмды. Қазіргі күні Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғалды. Бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, таяуда ғана Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе-Орск тасжолында 37 жастағы әйел қаза болды .  Жыл басынан бері Ақтөбеде 600-ге жуық жол-көлік апаты тіркеліп, 738 адам түрлі жарақат алды. Ал 67 адам мерт болды. 

Соңғы жаңалықтар