Ақтөбеде 200 мың түп ағаш егілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер бүгін жаппай сенбілікке шығып, саябақтарға ағаш екті. Шымкенттен эстафета қабылдаған Ақтөбе қаласы 200 мың түп ағаш отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеліктер бүгін «Ақтөбе! Бірге-жарқын!» атты экологиялық фестивалін өткізді. Фестивальді БҰҰ Даму бағдарламасы, Инвестиция және даму министрілігі және Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры ұйымдастырды. Ақтөбе қаласының орталық саябақтары мен шағын скверлерде, ауылдарда ағаш егу басталды. Шымкенттен эфтафета қабылдаған Ақтөбе 200 түп ағаш отырғызды. Шараға БҰҰ Қазақстандағы тұрақты төрағасының кеңесшісі Ирина Горюнова, Инвестиция және даму министрілігінің басқарма басшысы Жақсылық Тоқаев, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры төрағасының орынбасары Татьяна Немцива қатысты.

«Ақтөбе қаласы мен ауылдық округтерде жаппай сенбілік өтіп, ағаш отырғызылды. Шараға қала әкімі Ілияс Испанов та қатысты. Ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, қала тұрғындары, жастар саябақтарға 200 мың түп ағаш отырғызды. Шара аясында Өнер орталығында педагогтардың қатысуымен экология тақырыбындағы сұрақтар талқыланды. Ал оқушылар өзінің экологиялық таза туындыларын ұсынды. Біз эстафетаны Алматы қаласына береміз», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

null

Айта кетейік, «Атамекен» студенттік құрылыс жасағы, «Жасыл ел» жасағы да шараға қатысты. «Жасыл ел» жасағы Ғашықтар аллеясына 100 түп тал отырғызды. 

Соңғы жаңалықтар