Ақтөбе жерлестер форумына дайындалып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жерлестер форумы 28-29 қыркүйекке жоспарланған. Қазіргі уақытта мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі аясында салынып жатқан құрылыс нысандарынң ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

null
Жан-жақта жүрген ақтөбеліктер қыркүйек айының соңында туған жерге оралады. Қазіргі күні әлемнің 15 еліндегі 300-ден астам ақтөбелік форумға қатысуға келісім берген. Еліміздің білім, мәдениет, денсаулық, спорт саласында еңбек етін жүрген танымал адамдар да Ақтөбенің дамуына өз үлесін қоспақ. Мәселен, Ұлттық трансплантология орталығының директоры Жақсылық Досқалиев, әнші Димаш Құдайберген өз видеоүндеуін жолдап, форумды қолдауға шақырды.

null





Ал Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жерлестор форумы өтетін әлеуметтік, мәдени нысандардың дайындығын тексерді. Әуежай аумағының дайындығы мен көгалдандыру, безендіру жұмыстары қаралды. Негізгі мәдени шара Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда болады. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармониядағы қазақ камералық хорының көркемдік жетекшісі Мербол Құспановтың айтуынша, форум кезінде 800 адамнан тұратын хор өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта қаладағы колледждер мен мектептердегі өнерпаздар жеке дайындық жүргізіп жатыр. Хор «Қарлығаш» әнін орындайды.

null

Айта кетейік, форум кезінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында салынып жатқан бірнеше нысан пайдалануға беріледі. Олардың арасында 1200 орынды Жастар сарайы, Жекпе-жек сарайы, Шығармашылық үйі, Жұбановтар әлемі орталығы мен «Нұрлы жер» аясында салынып жатқан таунхаустар мен коттедждер бар .

Соңғы жаңалықтар