Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 323.13
EUR 367.08
RUB 5.43
CNY 47.53
Өскен өңір: Адымы кең Ақтөбе АСТАНА. ҚазАқпарат - Арқа мен Алатау, Атырау мен Алтай арасын алып жатқан байтақ еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігі - мемлекет дамуының жарқын дәлелі, айқын көрінісі. Әлемнің озық елдерінің қатарына қосылуға қарышты қадам жасап, алымды адыммен аттаған Қазақстанның әр өңіріндегі жоталы жетістіктер мен қалыпты даму ырғағы - Тәуелсіздіктің ширек ғасырында қол жеткен толағай табыстың нәтижесі. Демек, ел өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нақты көрінісі, мәдениет пен білімнің жемісті нәтижелері туралы, жалпы аймақ тұрғындарының әл-ауқаты жайлы тереңнен толғап жазу бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті болуы тиіс. Осы мақсатта жалпыұлттық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері мен «ҚазАқпарат» агенттігі бірлесіп «ӨСКЕН ӨҢІР» жобасын бастады. Алғашқы сөз ел дамуына өзіндік үлес қосып отырған Ақтөбе облысы жайында болмақ.
ары қарай