Ақтөбе облысы универсиадаға белсенді түрде қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық әкімдігінде өткен жиналыста ХХVІІІ-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 алауының эстафетасын өткізудің дайындық барысы қаралды.

ХХVІІІ Қысқы Универсиада-2017 алауының эстафетасы Қазақстанда 25 қаңтар күні басталады. Ақтөбеде басты студенттік ойындардың алауын жағу рәсімі 27 қаңтарда өтеді, деп жазады обыстық «Ақтөбе» газеті.
Ұйымдастырушы комитеттің мәліметі бойынша, эстафетаның жүріп өтетін жолы жасалып, дарынды спортшылар, белсенділер мен жастардан құралған көшбасшылардың арасынан алау ұстаушылар таңдалды. Оларға Универсиада алауының қорғаушылары жол көрсетеді.

ХХVІІІ қысқы Универсиада Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Оңтүстік астанаға 57 елден 2 мыңнан астам спортшылар келеді. Біздің облыстың атынан конькимен сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Мария Сизова шығады. Сондай-ақ, Универсиада еріктілерінің қатарында 11 ақтөбелік бар.

Жиын барысында сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін дайындық мәселесі де қаралды.

Соңғы жаңалықтар