«Ақтөбе» футбол клубының экс-бас директоры бостандыққа шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық соты апелляциялық шағымды қарап, «Ақтөбе» футбол клубының экс-бас директоры Дмитрий Васильевтің жаза мерзімін шарттыға ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Диапазон» -ға сілтеме жасап.

Адвокат Күләш Манько хабарлағандай, сот Васильевті кінәсіз деп тауып, оны сот залынан босатты. Бұл ретте оған 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Махановтың мерзімі 7-ден 3 жылға дейін қысқартылып, бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.  

Онымен қоса, сот екеуінен де 240 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айыпты алып тастады.

Дегенмен, облыстық сот Васильевке жалақы түрінде заңсыз берілген 44 миллион теңгені өндіріп алу туралы қаулыны өз күшінде қалдырды. Одан бөлек, Махановтың Венгрияда өткен Еуропа лигасының матчына заңсыз жасалған сапарына жұмсалған бір миллион теңгеге жуық сома қайтарылуы тиіс.

Еске салайық, ағымдағы жылдың мамыр айында «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев сеніп тапсырылған мүлікті жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған болатын. Облыстық дене шынықтыру басқармасының басшысы Ескендірбек Маханов лауазымды өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін 7 жыл арқалады. Сотталушының екеуінен 240 миллионнан астам теңгені өндіріп алу қаулы етілген еді. 

Соңғы жаңалықтар