Ақтаулық оқушылар өсімдіктерді автоматты суару жобасын дайындады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудың Назарбаев зияткерлік мектептерінде химия-биология бағыты бойынша білім алып жатқан оқушылар өсімдіктерді автоматты түрде суару жүйесін дайындады. Жақын болашақта оқушылар STEAM кабинетінде (онда «ақылда үй» орналасады) арнайы оранжерея жасамақшы. Жаңа жоба уақыт үнемдеп қана қоймай, жобаға ғылыми көзқарас қалыптастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоба «Arduino-uno» микроплата базасы мен ылғалдылықты анықтайтын құрылғы, насос, шланг және су құйылған ыдыстан тұрады. Ылғалдылықты анықтайтын құрылғы топыраққа отырғызылады. Топырақ құрғап қалған жағдайда арнайы құрылғы белгі береді де, онда автоматты түрде су жіберіледі. Жобамен 12 сынып оқушысы Малика Алиева робот техникасы үйірмесінің жетекшісі Бақытжан Мұхаммедпен бірге айналысты.

Автоматты түрде суару жүйесін дайындайтын кезде олар су мен уақытты үнемдеп, өсімдіктердің күтімін дұрыс жүргізетін жобаны ойлап табу мақсатын көздеген болатын. Енді олардың жобалары оранжерея жасауға да көмегін тигізетін болады»,-деді Атқау қаласы НЗМ-нің баспасөз қызметінің өкілі Рыскүл Рамазанова.

Оқушылар автоматты суару жүйесінің өңірдің өсімдік шаруашылығын жаңа деңгейге көтереді деген сенімде.

Соңғы жаңалықтар