Ақтауда жылу маусымы аяқталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтау қаласында жылу маусымы аяқталды. Барлық тұрғын үйлер орталық жылу жүйесінен ажыратылды. Бұл туралы өңірлік комуникациялар алаңында өткен брифингте қалалық тұрғын-үй шаруашылық коммуналдық бөлімінің басшысы Берік Ізғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, тек қана балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау ұйымдары, спорт ұйымдары сияқты әлеуметтік нысандар әзірше өшірілмейді. 

Сондай-ақ, жылу беру тоқтағанымен, ыстық су тұрғын үйлерге орама кептіргіш жүйесі арқылы беріледі.

Өткен қалалық штабтың отырысында шешім қабылданып,  «МАЭК -Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қаланың жылу құбырларына температуралық сынама жүргізді. 

Соңғы жаңалықтар