Ақтауда жартастың бойымен соқпақ жол салу жоспарлануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда жартастың бойымен соқпақ жол салу жоспарлануда. Жобаның басты ерекшелігі - шолу алаңдары, сарқырамалар мен пирстері бар жартасты бойлай жаяу жүргінші жолдарының болуында, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

Жоба жасаушылардың пікірінше, аталмыш соқпақ жол Ақтаудың көрікті жерлерінің біріне айналмақ.

Жоба бойынша соқпақ жол жартасты бойлай 1600 метрге созылады. Соқпақ жолды тастарды бұзбай, табиғи бедермен үйлестіріп салады. Бұл жобада түрлі демалыс аумағы бар 24 шолу алаңы қарастырылған. Қауіптілік деңгейі жоғары жерлерде тротуарлардың бойына тұтқалар қойылмақ. Шолу алаңында: 30 орындық көлік тұрағы, дәретхана мен полиция бекеті болады. Шолу алаңының орталығында күн сағаттары орналастырылады.

«Мұның барлығы полимерлік композиттің берік ағаш-материалынан жасалынады. Ол арнайы біздің өңір үшін істеп шығарылған. Оның пайдалану мерзімі 20 жылдан асады. Жартасты бойлай орналасқан тротуардың барлық жеріне полиция пультіне жалғанған видеобақылау камералары қойылады. Жартасты алаптың екі учаскесіне жоба бойынша Маңғыстаудың тарихынан сыр шертетін слайдтар көрсетіледі», - деді жоба жасаушысы Марат Сюников.

Құрылыстың алдын ала құны 1 миллиард 200 миллион теңгені құрайтыны аталып өтілді. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін қалалық әкімдік инвесторлар іздеуге ниетті.  

Соңғы жаңалықтар