Ақтауда судьялар заңгер-студенттерге дәріс оқиды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бүгін Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің өкілдері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қол қойылған құжатқа сәйкес, университеттегі заң факультетінің студенттері облыстық сотта 100% тәжірибеден өтіп, оларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, 8 судья, соның ішінде Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов студенттерге бір ай бойы дәріс оқиды.



Меморандумға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің ректоры Әділбек Ботабеков қол қойды.



«Меморандумға қол қою - студенттер дайындауда маңызды қадам болып табылады. Бұл оқу-тәрбие үрдісінде сот төрелігі бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Бұл туралы студенттерге кеңірек дәріс барысында айтатын боламыз. Оқу және өндірістік тәжірибе, жұмысқа орналастыру, пресс-турлар ұйымдастыру мәселелері төңірегінде жұмыс жасаймыз. Сондай-ақ, студенттерді кеңсе, сот үрдістерінің аудио- видеофиксациясы және басқа да жұмыстармен таныстыру үшін аудандық және қалалық соттарға экскурсия ұйымдастыру қарастырылған», - деді Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж. Аланов.

 

Соңғы жаңалықтар