Ақтауда қаруланған ер адам ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудағы 11-ші және 26-шы шағын аудандарда қарақшылық әрекеттер жасаған қаруланған ер адам ұсталды, деп жазады Лада.кз.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ұсталған ер адам 1996 жылы туған, бұрын сотталған.

«Бүгін осы ер адам Ақтаудағы 11-ші және 26-шы шағын аудандардында  қарақшылық шабуыл жасады. Сосын ол 11-ші шағын ауданға қайта келген, оны сол жерде криминальдық полиция қызметкерлері қолға түсірді», - делінген баспасөз баянында.

Аталған іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар