Ақтауда дүкен тонаған қарақшының видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға Ақтаудағы 7-ші шағын ауданындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде болған, деп жазады.

Тонау оқиғасы кезінде дүкенде тек сатушы болған. Шағын маркеттің қызметшісінің айтуынша, белгісіз ер адам 19 тамыз күні сағат 11:30-да даналап сатылатын темекі алу үшін дүкенге кіреді. Оның даналап сатылмайтынын біліп, шығып кетеді.

«10 минут өткеннен кейін қайтып келіп, дүкеннің алдында тұрды. Ол дүкенге кіріп, шолақ мылтығын шығарып, маған қарай бағыттады. Кассадағы барлық ақшаны шығаруға мәжбүрледі. Шынымды айтсам, қатты қорқып кеттім. Оның түріне де қарамадым, себебі ол қара көзілдірік, медициналық маска мен кепка киіп алған еді. Бар көзім қаруда болды», - дейді сатушы.

Әйел қаскүнемге кассадан 8 мың теңге шығарып берген. Қарақшы түрлі-түсті пакет талап етіп, ақшаны сонда салған. Кетіп бара жатып полицияға хабарламауын сұраған. Екі минут өткеннен кейін сатушы тәртіп сақшыларын шақырған.

Айта кетейік, Ақтаудағы 11-ші және 26-шы шағын аудандарда қарақшылық әрекеттер жасаған қаруланған ер адам ұсталғандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар