Ақтауда бес адамға 1 041 000 теңге шығын келтірген алаяқ сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық сотында А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотта анықталғандай,  сотталушы А. 2017 жылы 15 қараша -12 желтоқсан айлары аралығында Ақтау қаласының аумағында қасақана, пайдақорлық ниетпен, бірнеше рет  бес жәбірленушінің сеніміне кіріп, оларға айыппұл тұрағында тұрған  автокөлікті шығара алатындығын және автокөліктерге жабдықтарды арзан бағаға алып бере алатындығын алдап айтып, бес жәбірленушіге 1 041 000 теңге материалдық шығын келтірген.  

Ақтау қалалық сотының үкімімен  А.  ҚР ҚК-нің 190-бабының 2- бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығын айыру жазасы  тағайындалып, жәбірленушілердің қойған азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.   

Соңғы жаңалықтар