Ақтауда 10 жыл бойы салынған тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 2008 жылы құрылыс басталған «Аққу 1» тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Қазақпарат.

Көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы он жыл бұрын басталған. Алайда 2012 жылы құрылыстан ақау шығып жұмыс тоқтаған. Себебі құрылысқа қолданылған жабындылардың жарамсыздығы анықталған. Араға төрт жыл салып үш мердігер құрылыс жұмыстарын қайта бастады.

Маңғыстау облысы Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Эльдар Машырықовтың айтуынша, пайдаланылған аражабынды плиталар майысып құрылыс тоқтатылған. 

Тұрғын үй кешенінде 650-ге жуық пәтер бар. Осы айдың соңында 300-ден астам пәтер пайдалануға берілмек. Ал қалған 300 пәтерді осы жылы 1 қыркүйекке дейін беру жоспарланған.

«Құрылысы ұзаққа созылған «Аққу» тұрғын үй кешенін пайдалануға беру - облыс әкімінің басты тапсырмаларының бірі. Оның 5 жылында нысанда ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмеді. Бұрын бұл үйдің төңірегінде туындаған мәселелерге қатысты күдікті жою үшін «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтынан» мамандар шақырылып, тексеру жүргізілді. Олар кешеннің пайдалануға жарамды екенін растап, жазбаша анықтама берді. «Аққу-1» толыққанды кешенге айналады»,-  деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев.

Соңғы жаңалықтар