Ақтау-Бейнеу жолында үш адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Ақтау-Бейнеу тас жолында жол апатынан үш адам қаза тауып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, жол апаты 18 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 15:07-де болған.

Сол жерде үш адам қаза тауып, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген.

Бастапқы болжам бойынша, жүк көлігі мен пикап соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

 

Соңғы жаңалықтар