АҚШ-тың Техас штатында жүк көлігінің мұздатқышынан 60 мигрант шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатында шекара қызметінің жауынгерлері жүк көлігінің мұздатқышында отырған 60 заңсыз мигранттарды құқарды. Бұл туралы Fox News жазды деп хабарлайды 112.ua.

Мұздатқыштағы контейнерлердің арасында көкөністермен бірге жатқан мигранттарды шекарашылардың иті тапқан. Мұздатқыштың есігі жабық болғандықтан босқындар ол жерден өз еркімен шыға алмаған. Мұздатқыштағы ауа температурасы 8°C. 

Босқындардың арасында Гватемаланың 22 тұрғыны, 17 мексикалық, 13 сальвадорлық және сегіз Гондурас азаматы бар.

Оларға медицина мамандарының көмегі ұсынылды. Алайда олар көмектен бас тартты. Жүк көлігінің жүргізушісі шетелдіктерді заңсыз тасымалдағаны үшін тұтқындалды.

Соңғы жаңалықтар