АҚШ-та ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жеңіл моторлы Cessna 172 ұшағы (Калифорния штаты) Сан-Хосе қаласында тұрғын үйге құлады, деп хабарлайды ТАСС.

Жергілікті басылымдардың біріне сілтеме жасап агенттіктің хабарлауына қарағанда, ұшақ бортында 3 адам болған.  Зардап шеккендер емханаға жатқызылды. Екеуінің жағдайы ауыр, біреуі жеңіл жарақаттанған. Бір қызығы, ұшақ үстіне құлаған кезде үй ішінде 13 адам болған. Олардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Аэродромнан ұшып шыққан жеңіл ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден диспечерге ақаулық шыққандығы туралы хабар берген. Олар кері бағытта қайта ұшып келмекші болып тырысқан. Алайда ол мүмкін болмады.

Оқыс оқиғаның себептері анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар