АҚШ-та ұшақ екі бұғыны қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Орегон штатында ұшақ жерге қонғалы жатқанда екі вапити бұғысын қағып кеткен. Ұшақ қатты зақымданып, бұғылар мерт болған. Бұл туралы The Oregonian басылымы хабарлады.



Бірінші вапити Нехалем-Бэй саябағындағы әуе айлағының ұшу-қону жолағына екі орындық бір моторлы Van's Aircraft RV-8 ұшағы  қонғалы жатқан кезде шыға келген. Ұшқыш бұғымен соқтығыспау үшін ұшақты жоғары қарай бағыттағанмен, жеткілікті дәрежеде биікке көтеріле алмаған. Соның салдарынан жануарды пропеллері және шассиімен  қағып кетеді. Бұдан кейін ұшаққа қарама-қарсы тағы бір вапити жүгіріп шығып, ол әуе кемесінің сол қанатына соқтығысады.

Екі бұғы да мерт болды. Ұшқыш пен жолаушы зардап шекпеді, алайда ұшақ айтарлықтай қатты зақымданған.

 

Соңғы жаңалықтар