АҚШ-та Клинтонды сынға алған фильмге жылдың нашар кинолентасы жүлдесі берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Хиллари Клинтонды сынға алған фильм жылдың нашар кинолентасы жүлдесі - «Алтын таңқурайды» алды. Сыйлықты ұйымдастырушылар Трамп жеңісіне есеңгіреп қалғандықтан осындай қадамға барды. Режиссер осылай мәлім етті, деп хабарлайды dw.com .

«Hillary's America: The Secret History of the Democratic Party» («Хилларидің Америкасы: Демократиялық партияның құпия тарихы»)  деректі фильмі кинематография саласындағы ең күмәнді фильмдер үшін берілетін «Алтын таңқурай» шыңынан көрінді. Сенбі күні, 25 ақпанда «Хиллари Америкасы» төрт басты номинация бойынша жеңіске жетті.

Кинолента 2016 жылдың ең нашар фильмі ретінде және нашар режиссура, нашар ер адам рөлі және нашар әйел адам рөлі бойынша сыйлық алды. Мұнда фильм режиссері Динеш Д'Соуза басты ер адам рөлін сомдаған еді. Тіпті фильмде демократтардың ку-клукс-кланмен байланысы бар деген болжам айтылады.

«Алтын таңқурай» жүлдесін табыстау жыл сайын «Оскар» иегерлерін анықтайтын салтанатты шараның қарсаңында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар