АҚШ-та хиджап киген әйелге араша түсеміз деп екі адам құрбан болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Америкалық  Портленд (Орегон штаты) өткелінде пойызда белгісіз біреу пышақпен екі адамды өлтіріп, тағы біреуін жарақаттады. Қаланың полиция басқармасы хабарлағандай, мұның алдында ер адам екі жолаушыны  (мұсылмандар) балағаттаған, деп хабарлады ТАСС.

Ол хиджаб киген әйелдерге болысқан жолаушыларды пышақтады.  «Ер адам айғайлап, балағаттап жатқанда, оның жанына бірнеше адам келіп, оны сабырға шақырмақ болады. Араша түскендердің бірі оқиға орнында, екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жарақат алған адам медициналық тексерілуден өтуде», - деп нақтылады құқық қорғау органының ресми өкілі сержант Пит Симпсон.

Ол қылмыс орнынан бой тасалаған қанішер Портлендтің солтүстік-шығыс бөлігіндегі стансалардың бірінен ұсталып, қамауға алынғанын айтты.  

Соңғы жаңалықтар