АҚШ-та 70 мыңдық стадион 15 секундтың ішінде құлатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атлантадағы «Джорджия Доум» жабық стадионы (АҚШ, Джоржия штаты) санаулы секундтардың ішінде құлатылды. 

Видео Twitter-дегі Associated Press парақшасында жарияланды.

Арена 1992 жылы қолданысқа берілген және ол 71 250 көрерменге арналып салынған. Бұл стадионда «Атланта Фэлконс» америкалық футбол командасы ойнаған.

Аренада қолданысқа берілген уақыттан бастап 1400 спорттық шара өткен. Атап айтқанда, 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарынан баскетбол турнирі дәл осы стадионда болды. 

Соңғы жаңалықтар