АҚШ президентінің бұрынғы көмекшісі Збигнев Бжезинский қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1977-1981 жылдары АҚШ президенті Джимми Картердің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Збигнев Бжезинский жұма күні, 89 жасқа қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы америкалық Fox News телеарнасы хабарлады. ТАСС.

Америкалық Politico газеті қызы Микаға сілтеме жасап, белгілі америкалық саясаткердің қайтыс болғанын хабарлады. «Әкем бүгін кешке үнсіз ғана фәниден бақиға аттанып кетті», - деген оның сөзін келтірді басылым.

The New York Times газетінің ақпаратына сәйкес, саясаткер Вирджиния штатында ауруханада көз жұмды. Збигнев Бжезинский - америкалық саясаткер, әлеуметтанушы, мемлекет қайраткері, АҚШ сыртқы саясатының жетекші идеологтарының бірі. Соңғы жылдары оқытушылық, консультативтік қызметтерді белсенді атқарды, бірқатар қоғамдық ұйымдарды басқарды, бірнеше қорлар мен компанияларды басқарды, телевидениеде саяси бағдарламалардың жүргізушісі болды. Вашингтонда Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының сарапшысы болды.

Джонс Хопкинс Университетінің жанында Пол Нитце атындағы тереңдетілген халықаралық зерттеу мектебінде сабақ берді. Ірі саяси қайраткерлерді, трансұлттық корпорация басшыларын, экономистер мен саясаткерлерді біріктіретін элиталы «Бильдерберг клубының» тұрақты мүшесі болды.

Соңғы жаңалықтар