АҚШ Орталық барлау басқармасы 13 млн беттік құпия құжаттарды жария етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ОББ) 1995 жылы президент Билл Клинтонның жарлығымен құпиялылығын жоғалтқан 13 млн бетті құрайтын 775 мың құжатты интернетке орналастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұрағатта суық соғыс, вьетнамдық және корейлік шиеленістер кезіндегі ОББ-ның қызметі туралы мәліметтер қамтылған. Сондай-ақ базадан ұшатын беймәлім нысандар және адамның телепатиялық мүмкіндіктері туралы зерттеу нәтижелерін көруге болады, деп жазады ВВС Орыс қызметі.

Олардың арасында президенттер Ричард Никсон мен Джеральд Фордтің тұсында АҚШ-тың мемхатшысы болған Генри Киссинджердің құжаттары, сонымен қатар, бірнеше мыңдаған бетті құрайтын барлау ақпараттары мен ғылыми зерттеулер мен жобалардың анализдері бар.

«Жұлдыз қақпасы» атты жоба да қызығушылық туғызуда. Жоба аясында көріпкелдердің мүмкіндіктеріне зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Тәжірибеге қатысқандардың бірі израильдік сиқыршы Ури Геллер болды. Оның қабілеттері 1973 жылы зерделенді. Ол кезде Геллердің атағы әлемге әйгілі еді.

Бастапқыда Орталық барлау басқармасы барлық құжаттарды онлайнда жария ету үшін 28 жыл қажет болатынын хабарлаған болатын. 2015 жылы бұл уақытты алты жылға қысқартты.

Соңғы жаңалықтар