АҚШ Қазақстан мен Өзбекстанға автобустағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Салливан Ақтөбе облысы аумағында автобустың өртенуінен адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан мен Өзбекстанға көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып Қазақстанда автобуста орын алған қайғылы жағдайда Өзбекстанның елуден астам азаматының қаза болуына байланысты Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметтеріне және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтуға рұқсат етіңіздер»,- деді ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің министрлер деңгейіндегі отырысы барысында.

Еске салайық, төтенше жағдай Ақтөбеден 320 шақырым қашықтықта, Қалыбай кентінен 10 шақырым жерде «Самара-Шымкент» тасжолының бойында болған. Автобуста Өзбекстанның 54 азаматы мен 3 қазақстандық болған. Автобуста шыққан өрт салдарынан 52 өзбекстандық қаза тапты. Тірі қалғандардың арасында 3 қазақстандық және 2 өзбекстандық бар. Оларды жеңіл деңгейде күйік шалған.

Соңғы жаңалықтар