11:35, 22 Желтоқсан 2017 | GMT +6
АҚШ доллары тағы арзандады - KASE
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күнгі таңертеңгілік сессия бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 долларға 332,83 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
Бейсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 1,76 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 332,55 теңге, ал ең жоғарысы 333,19 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 122,55 млн долларға жетті.
Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 334,59 теңге, күндізгі сессияда - 333,7 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 334,13 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 341,2 млн долларды құраған.