АҚШ доллары 315,26 теңгеге дейін арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE 
валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 315,26 (-1,30 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 156 300 
(+118 100 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген 
жоқ.Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 46,0063 (+0,0038 теңге) теңгені, сауда-саттық көлемі - 800 мың 
(+600 мың юань) юаньды құрады.
Соңғы жаңалықтар