Ақсайдағы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 8 қазан күні шамамен сағат 19.00-де Ақсай қаласы 4-шағын ауданында Теміржол көшесі бойындағы «Прага» кафесі жанында 1987 жылғы К.Айжұмашевты ұрып-соғу оқиғасы орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған оқиға бойынша әйнектің сынығымен К.Айжұмашевқа дене жарақатын салған 1989 жылғы А.Қажымов ұсталды. Қос бөксесі мен сол жақ жіліншігінен көптеген жарақат алған жәбірленуші сол күні өзінің достарымен Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Қазір ол емделуде, жағдайы қалыпты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Алдын ала мәлімет бойынша А.Қажымов пен оны айырған адамдар жәбірленушінің достары болып табылады. Оқиға өзара келіспеушілік салдарынан орын алған. ҚР ҚК 293-бабына сәйкес (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар