Ақсайда топырақ басып қалған жұмысшылардың жағдайы қалыпты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында жылу құбырларын жөндеу кезінде кеше топырақ басып қалған «Ақсайжылуқуат» МКК-ның қос жұмысшысы қазір Оралдағы облыстық клиникалық ауруханада емделуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалидың айтуынша, екеуі де басынан жарақат алып,  миы шайқалған. Біреуінің қабырғалары сынған. Қазір травматология бөлімшесінде ем алуда, жағдайлары қалыпты.

БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Азамат Айтуевтың сөзіне қарағанда, оқиға кеше сағат 17.00-де кете болған. Соның салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, екеуі жарақат алды. Осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында арық ішінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар топырақ астында қалғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөліміне сәйкес (адам өліміне соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережесін сақтамау) қылмыстық іс қозғалды.  

Соңғы жаңалықтар