Ақсайда өзбекстандық азамат құрылыс нысанында қаза тапты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 27 сәуір күні сағат 19.30 шамасында 1988 жылғы өзбекстандық азамат Ақсай қаласындағы 10-шағынауданда салынып жатқан 9 қабатты үйден құлап кетіп, қаза тапқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиғаның орын алуына техника қауіпсіздігін сақтамау себеп болған. Қайтыс болған азамат 26 сәуір күні ел шекарасынан өтіп, Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелген.

Қазіргі таңда аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 156-бабы 3-бөліміне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған құрылыс нысанын салып жатқан қосалқы мердігер «Губинал» ЖШС екендігі анықталып, бұл жөнінде БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасына хабар берілді.

Соңғы жаңалықтар