Ақсайда алаяқ әйел жер учаскесін алып беруге уәде еткен

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында 52 жастағы алаяқ 1976 жылғы әйелдің 1,5 млн. теңгесін алдап алып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол жәбірленушіге жер телімін алып беремін деп, уәде еткен.

Абай полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында алаяқ әйел ұсталып, ол өзінің кінәсін мойындады. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөліміне сәйкес (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар