Ақпан айында Астанада «Е-ПИК» жобасы іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Е-ПИК» жобасы тұрғындар мен пəтер иелері кооперативі арасындағы байланысты жақсартып, ПИК-тердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанат Дүбірова мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Е-ПИК» жобасы тұрғындар мен пəтер иелері кооперативі арасындағы байланысты жақсартып, ПИК-тердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Біз бұл жобары тұрғын үй инспекциясымен бірге, осы жылдың қаңтарында бастадық. Жоба жетекшісі - Əлихан Қуатбеков. Жоба ақпан айында іске қосылып, сəуір айына дейін ілкі жоба ретінде жұмыс істейді. Қазір жобаның техникалық талаптары дайындалып жатыр. Қазір «Е-ПИК» сияқты автоматтандырылған өнімдері бар бірқатар инвесторлар біздің жобаға инвестор бола аламыз деп отыр. Жобаны тек инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырмақпыз»,-деген ол «Е-ПИК» жобасының қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

Оның айтуынша, жоба мобильді қосымша ретінде, болмаса портал ретінде іске қосылады.

«Əрбір тұрғын мобильді қосымшаға немесе порталға  тіркеліп, жеке кабинетін ашады. ПИК өз кезегінде тұрғынның сол үйде тұратынын растай алады. Тұрғындар «Е-ПИК» арқылы өтініш қалдыра алады. Мысалы, қазір электрші немесе сантехник шақыру үшін қазір тұрғындар ПИК-ке жазбаша өтініш қалдырады. Ол өтініш мүлде қаралмай қалуы мүмкін. Ал «Е-ПИК» жобасы арқылы сіз электронды түрде өтініш қалдырып, өзіңізге ыңғайлы уақытқа электрші шақыра аласыз. Электрші де сізге хабарласып, өзінің бос уақытын хабарлай алады. «Е-ПИК» жобасы арқылы ПИК-тер де тұрғындарға хабарлама қалдыра алады. Мысалы, қазір аулаларда қар тазалау қиынға соғып тұр, себебі, аула толған көлік. Көлік иелері, яғни тұрғындар қардың қашан тазалатынын білмейді. «Е-ПИК" арқылы ПИК-тер тұрғындарға қар тазалайтын уақыт туралы хабарлама тарата алады»,-деді Ж.Дүбірова.

Оның үстіне, Ж.Дүбірованың айтуынша, пəтер иелері кооперативтері қазір заңнама бойынша тұрғындардан жиналған қаржы туралы үнемі есеп беріп отыруы тиіс. Бірақ, ПИК-тердің көбі ондай есеп үшін жиналыс өткізбейді, өткізген күннің өзінде,  тұрғындардың көбі ол жиналысқа келе алмайды. Ал «Е-ПИК» қосымшасы арқылы əрбір тұрғын ПИК-тердің қаржылық есебін үнемі көріп отырады.

«Жоба қала бойынша 300 ПИК-ті жəне 1700 үйді қамтымақ. Жалпы, қала бойынша 2400 үй бар, бірақ тіркелмеген ПИК-тер де бар. Ондай ПИК-терді анықтап, болашақта бүкіл қаланы қамту жоспарда бар»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар