Ақмолалық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары Солтүстік Қазақстан облысына ықтимал су тасқыны бола қалған жағдайда көмек көрсету үшін аттанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметі ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккердің 2017 жылғы 11 сәуірдегі өкіміне сəйкес Ақмола облысының ТЖД «Өрт сөндіру және апатты құтқару жұмыстары» ММ және «Жедел құтқару отряды» ММ жеке құрамындағы 18 адам және 46 арнайы техникадан құралған жедел топ жасақталып, Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды.

«Осы күні солтүстіктегі көрші облыста су тасқынының қаупі жоғары. Сол себепті аталмыш жедел топ ықтимал су тасқыны бола қалған жағдайда апатты-құтқару жұмыстарын қолға алатын болады», - деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар