Ақмола тұрғыны танкіге қарсы қолданылатын екі минаны полицияға тапсырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының тұрғыны полицияға екі мина тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 10-шы сәуірінен бастап облыс аумағында тұрғындардан қару сатып алу акция өтуде. Аталмыш акция шеңберінде Көкшетау қаласының 42 жастағы тұрғыны танкіге қарсы қолданатын ТМ - 57 жəне ОЗМ- 72 маркалы екі минаны тапсырған.

Тұрғынның айтуынша, əскери жарылғыш затты ол Көкшетау қаласының іргесіндегі елді мекендердің бірінде металл жинап жүргенінде тауып алған.

Кейін облыс аумағында тұрғындардан қару сатып алу акциясы өтіп жатқанын естігендіктен полицияға хабарласып, тапсырған.

«Қазіргі кезде, минаның екеуі де сараптамаға жіберілді. Аталған жарылғыш зат үшін тұрғын тиісті қаржылай сыйақысын алатын болады», - деп көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетейік, акция басталған алғашқы екі күн ішінде ақмолалық полицейлер тұрғындардан барлығы 96 қару сатып алған. Оның арасында 88 тегіс ұңғымалы, 8 шолақ мылтық бар жəне 11599 оқдəрі бар. Аталмыш акцияны өткізуге 14,5 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Соңғы жаңалықтар