Ақмола облысының прокуроры Степногорскіде қоғамдық қабылдау өткізді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының прокуроры Тимур Тәшімбаев жұмыс сапарымен Степногорск қаласында болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өндірістік қалада облыс прокуроры қоғамдық қабылдау өткізіп, жеке мəселелерімен келген тұрғындардың сауалдарын тыңдады. Тұрғындар жылу есептегіш аспаптарды тексеру жəне пайдалану, еңбекақы қарызын өндіріп алу тəрізді мәселелерді көтеріп, прокурордан көмек сұрады. Оның ішінде кейбір сауалдар қала прокуроры Бауыржан Құсайыновтың қарауына берілді.

Сонымен қатар Тимур Тәшімбаев түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің жағдайымен танысып, жергілікті атқарушы органдарға оларды жұмыспен қамтуға шақырды. Оған қоса прокурор «Қазақалтын» ТКМК» АҚ болды.

«Біз қоғам өкілдері, тұрғындар үшін жұмыс істейміз. Біздің басты ұстанымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен азаматтардың алаңсыз, жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған», деді кəсіпорын ұжымымен кездесуінде Тәшімбаев.

null

Қала əкімі Əнуар Күмпекеев облыс прокурорына Ақсу жəне Бестөбе кентіндегі заңсыз алтын рудаларын ұрлаушылармен күресу шаралары туралы айта келе, заңнамалық жағынан қолдау көрсетуін сұрады. Сондай-ақ, қалада салынған жедел басқару орталығын жабдықтауға атсалысуын өтінді.

Өз кезегінде прокурор өңірде экстремизмді алдын алу, «нөлдік төзбеушілік» қағидасы аясында түрлі құқық бұзушылықтармен күресу қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар