Ақмола облысының медицина қызметкерлері ЭКСПО-ға дайындалуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Медициналық мекеме қызметкерлері халықаралық көрменің қатысушылары мен қонақтарына медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өтіп жатыр, деп хабарлайды Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бірінші күні өткір коронарлық синдромға жедел медициналық көмек көрсету бойынша семинар болды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері «Жүрек-өкпе реанимациясы» және «Жарақаттар. Шұғыл жәрдем» атты тренингтерден өтті.

Медицина қызметкерлерін көрме қатысушылары мен қонақтарын жедел ауруханаға жатқызар кезде не істеу керектігіне үйретеді.

Сондай-ақ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті біліктілікті арттыру және кадрларды қайта дайындау институты базасында медицина қызметкерлеріне базалық кәсіби ағылшын тілін үйретеді. 

Соңғы жаңалықтар