Ақмола облысының қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің жаңа басшысы таныстырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен су тасқынының алдын-алу шаралары мен облыстың елді мекендерін абаттандыру мәселелері тәрізді аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты аппарат мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда аймақ басшысы жиналғандарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің келісімі бойынша және Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының үстіміздегі жылдың 3 сәуірдегі бұйрығымен Ақмола облысы қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалған Азамат Қинаятұлы Дүйсеновті таныстырды.
Азамат Қинаятұлы, 1975 жылы туған. Білімі жоғары. 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясын педиатрия мамандығы, 2010 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы қабырғасында дәрігер-интерном ретінде бастаған.

Әр жылдары Балқаш қаласындағы балалар ауруханасының директоры, Қарағанды облысының Бұқар Жырау аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарды. 2014-2017 жылдар аралығында ҚР Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы қызметінде болды.

Соңғы жаңалықтар