Ақмола облысындағы мектепте «энерго үнемдегіш кабинет» жұмыс істейді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногор қаласындағы Ю.Гагарин атындағы №7 орта мектепте энерго үнемдегіш станогты технология кабинеті жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша, аталмыш жобаның авторы - еңбек пәнінің мұғалімі Фарит Карибуллин. Автордың сөзінше, 2013 жылы энергия шығынын екі есеге азайтатын қуаттылығы шағын двигателді станок жасау жобасы қолға алынған болатын. Кейін, 2014 жылы жоба «жаһандық экологиялық қорының шағын гранттары» бағдарламасы бойынша  150000 теңгенің грантын жеңіп алды. Жобаны жүзеге асыру барысында шағын двигателді станоктың күрделі түйіні мен мұрындығын жасауда оқушылардың ата-аналары да қол ұшын созған. Әсіресе, әкелері тың жобаны жүзеге асыруда техникалық жағынан көмектескен. 
null

«Біз 5 айдың ішінде 220 вольтті двигателді 10 станок жасап шығардық. Бұл станоктар энерго үнемдегіш әрі тасымалдап жүруге ыңғайлы. Оған 380 вольтпен жұмыс істейтін станоктарда құрастырдық. Жобаны жүзеге асырудағы ең басты мақсатымыз оқушылардың шығармашылық қабілеттін арттырып, пәнге деген қызығушылық ояту», - дейді Фарит Карибуллин.
null

Сонымен қатар, жоба электр үнемдегіш технологияны енгізу мәселесін шешуге бағытталған. Жобаны жүзеге асыру барысында ағаш өңдегіш, электрлі ара, ленталы тегістегіш, дөңгелекті тегістегіш сияқты шағын двигателді төрт эксперименталды шағын станок жасалынып, осы күні еңбек сабағында тиімді қолданылуда.

Соңғы жаңалықтар