Ақмола облысында тіркелмеген 54 мылтық тəркіленді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тіркелмеген 54 дана мылтық тəркіленді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, 2017 жылдың 28 наурызынан бастап  облыс аумағында "Қару" республикалық алдын алу шарасы өтуде.  Оған жергілікті полиция қызметі жəне əкімшілік, криминалды полиция қызметкерлерінен құралған 130 жұмыс тобы тартылуда. Рейдке 600 полицей қатысуда.

Шара барысында əсіресе, шалғай аудандардағы жайылымдарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бес күннің ішіде 180-нен астам жайылым тексерілді. Мәселен, Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округі аумағындағы жайылымда жергілікті тұрғыннан тіркелмеген 16 колибрлі "ИЖ" мылтығы тəркіленді.

Ал, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының тұрғынынан 16 колибрлі "ТОЗ-63" мылтығы, Аршалы кентінің тұрғынан 16 колибрлі  "RG-89" тапаншасы алынды. Сондай-ақ, Астрахан ауданындағы Астрахан жəне Зелёное ауылдарының тұрғындарынан "ТОЗ-63" мылтығы және "МР" пневматикалық винтовкасы, Макинск қаласының тұрғынынан 20 колибрлі "ЗК" тегіс ұңғымалы мылтығы тəркіленді.

Жалпы, шараның алғашқы бес күнінің қорытындысы бойынша 54 дана мылтық тəркіленді. Оның ішінде 27-і тегіс ұңғылы, 15 газ, 4 пневматикалық, 2-уі шолақ жəне 1-і травматикалық мылтық.

Тәркіленген қарулардың барлығы соттық-балистикалық сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша процессаулдық шара қолданылатын болады", деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар