Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында желдің күшейіп қар жаууына және көктайғақ болуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінің ресми сайтында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне сәйкес, 23 наурыз күні сағат 20-00-ден бастап ауа райының нашарлауына (қар, жер, көктайғақ) байланысты көлік құралдарының кез келген түрі үшін республикалық маңызы бар  мына автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді:

«Жезқазған-Петропавл» автожолы (377-595 шақырым, Қостанай облысының шекарасы - СҚО шекарасы);

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолы (232-260 шақырым, Қостанай облысының шекарасы - Сұрған елді мекені);

«Жақсы-Есіл-Бұзлық» автожолы (0-82 шақырым, Жақсы елді мекені-Бұзлық елді мекені);

«Екатеринбург-Алматы» автожолы (856-1247 шақырым, СҚО шекарасы-Астана қаласы);

«Екатеринбург - Алматы» автожолы (1275-1353 шақырым, Астана қ.-Қарағанды облысы шекарасы);

«Астана-Қорғалжың» (19-180 шақырым, Астана-Қорғалжың);

«Астана-Қабанбай батыр-облыс шекарасы» автожолы (16-51 шақырым);

«Макинск-Ақсу-Торғай» автожолы (0-240 шақырым, Макинск қ.-Торғай қ.);

«Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 шақырым);

«Көкшетау-Атбасар» (48-184 шақырым, Зеренді елді мекені-Атбасар қ.).

Соңғы жаңалықтар