Ақмола облысында бір топ журналист марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні аталып өтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Салтанатты шараға облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, журналистика ардагерлері, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері, байланыс саласының қызметкерлері қатысты.

Шарада Ақмола облысы әкімінің орынбасары Егор Каппель сөз сөйлеп, ақпарат жəне байланыс саласының қызметкерлерін кəсіби мерекелерімен құттықтады.
null

 "Халықты ел мен жердің тыныс-тіршілігімен таныстырып, жаһандағы жаңалықтан хабардар етіп отырған газет пен журнал, радио мен телевизия қызметкерлері - журналистердің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын", деді Е.Каппель.

Шара барысында бірқатар журналистер облыс әкімінің Алғыс хатына ие болып, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан облыстық «Алтын қалам» байқауының жүлдегерлері марапатталды.

Айта кету керек, осы күні облыс аумағында 96 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс істеуде. Оның 81-і баспа, 15-і электронды  ақпарат құралдары. Сондай-ақ, республикалық БАҚ-тың 20 меншікті тілшісі еңбек етуде. Мемлекеттік БАҚ өңірдегі ақпарат кеңістігінің 45 пайызын қамтиды. 

Соңғы жаңалықтар