Ақмола облысында аудан әкімі қатаң сөгіс алып, орынбасары қызметінен босатылды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының әкімі Асқар Қиықов қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің төрағалымен кадрлық комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Жиында күн тәртібіне байланысты Еңбекшілдер ауданының əкімі Асқар Қиықовтың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жəне кадр саясаты мəселесі бойынша лауазымды тұлғалар қызметін бақылаусыз жібергені үшін тəртіптік жауапкершілігі қаралды.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Қанат Шөкеновтің мəліметі бойынша Еңбекшілдер ауданы бойынша арнайы құрылған жұмыс тобымен жүргізілген тексеріс барысында Степняк қаласында 21 пəтерлі тұрғын үйде пəтер бөлуде тұрғын үй заңнамасының бірнеше рет өрскел бұзылғаны анықталды.

Бұған аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мешелов жетекшілік еткен тұрғын үй комиссиясының əлсіз жұмысы себеп болған. Осыған орай осы күні Амангелді Мешелов қызметінен босатылып отыр.

Ал, кадрлық комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан əкімі Асқар Қиықов қатаң сөгіс ретінде тəртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар