Ақмола облысында 17 сәуірде санитарлық тазалау мен көгалдандыру айлығы басталмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен су тасқынының алдын-алу шаралары мен облыстың елді мекендерін абаттандыру мәселелері бойынша аппараттық жиналыс болып өтті.

Тасқын судың алдын-алу жөніндегі жасалып жатқан іс-шаралар туралы облыстық төтенше жағдайлар бойынша департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов мәлімдеді.

null 

Оның мәліметі бойынша өңірде 11,8 шақырым каналдар аршылып, 32,2 шақырым арықтардың бөгеттері жөнделген. Оған қоса, 13 су өткізу қондырғылары бекітіліп, 1,6 шақырым жерге үйінді бөгеттер тұрғызылған, 190 м аумақта жағалаулар мен өзен ағысын бекіту жұмыстары жүргізілген. Осыған қарамастан бүгінде Астрахань, Аршалы, Атбасар және Целиноград аудандарында қауіп деңгейі жоғары.

«Облыстың қалалар мен аудандарындағы жергілікті атқарушы органдары мен азаматтық қорғаныс жүйесі қалайда төтенше жағдайды болдырмаудың алдын алуда», - деді Шапағатов.

Баяндамашының мәліметін тыңдаған өңір басшысы аудандар мен қала әкімдеріне тез арада жауын кәріздерін, су ағатын арықтар, өзен ағыстарын қоқыстан және қар суынан тазартып, су деңгейі мен гидротехникалық қондырғыларды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

null 

Оған қоса, аймақ басшысы мүдделі мемлекеттік органдарға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның ішінде әлеуметтік желі арқылы, тұрғындар арасында су тасқынының алдын алу шаралары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Сондай-ақ жиналыс барысында 17 сәуір - 20 мамыр аралығында облыс бойынша өтетін санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының дайындық барысы да пысықталды.

«Ағымдағы жылы жол жөндеу, санитарлық тазарту, аймақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға бюджеттен 3,0 млрд теңге қаражат бөлінген. Осы бағыттағы жұмыстар басталып кетті», - деп мәлімдеді Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченко.

Өз кезегінде Ақмола облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров облыста 3 орман питомниктері бар екендігін, оларда бүгінгі күні 13 млн. түп көшет өсіріліп жатқандығын жеткізді.

null 

«Бүгінгі күні облыстың батыс бөлігін ағаш көшеттерімен қамтамасыз ету үшін тағы бір орман питомнигінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Биылғы көктемде 96 мың данадан астам ағаш көшеттері отырғызылып, 1700 гектар аумақты орманға айналдыруды көздеудеміз», - деді ол.

Осы мәселе бойынша Мырзалин шаруашылық субъектілерін, қоғамдық ұжымдар, коммерциялық құрылымдар, тұрғындарды тарту бойынша жұмыстарды белсендіруді тапсырды.

«Астана маңындағы аумақ болғандықтан біз өз беделімізге сай болуымыз керек. Әр аудан, қала әкімдері өздеріне сеніп тапсырылған аумақтың тазалығы мен сырт келбетін қадағалап отырулары керек. Бұл мәселе ерекше бақылауда болсын», - деді өңір басшысы.

null

Соңғы жаңалықтар