Ақмола облысы: Су тасқыны орын алған ауылдың тұрғындары үйлеріне оралды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысында су тасқыны орын алған ауылдың тұрғындары үйлеріне оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарланғанымыздай бүгін таңертең 05:45 шамасында Шағалалы өзеніндегі судың деңгейі көтерілген болатын. Осының салдарынан Зеренді ауданының Шағалалы ауылындағы 4 үй мен 9 ауланы су алып, 43 адам (оның ішінде 9 бала) және 154-ке жуық үй жануарлары қауіпсіз жерге шығарылды.

Құтқару жұмыстары мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға ТЖД жеке құрамынан 21 адам және 9 техника, 4 жүзу құралы, жергілікті атқарушы органдардан 3 адам және 1 техника, жергілікті полиция қызметінен 4 адам және 1 техника жұмылдырылды.

ТЖД қызметкерлерінің мәліметі бойынша, осы күні аталған өзен суының деңгейі тұрақталып, ағысы бақылауға алынған.

«Қазірге кезде, аталған елді мекен тұрғындарының өмірі мен үйлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жайылған су сорғытылып, тұрғындар үйлеріне оралды», деп түсіндірді ТЖД қызметкері Думан Дəлешов.

Соңғы жаңалықтар