Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы отырысының шешіміне сәйкес Қайрат Сұлтанов Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайрат Абайдоллаұлы 1970 жылы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылту поселкесінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Инженер-экономист.
null 

Еңбек жолын 1988 жылы газэлектрдәнекерлеуші болып бастаған. 1994 жылдан 1999 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген. 1999-2002 жылдары - салық органдарында. 2002-2004 жылдары аралығында Зеренді «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Зеренді филиалының басқарушысы. 2004 жылдын 2006 жылға дейін Зеренді аудандық әкімдігінің  коммуналдық қызмет-өндіріс және сәулет бөлімінің басшысы. 2006-2016 жылдары аралығында «ҚазМұнайГаз-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Зеренді филиалының директоры, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы, «Зерен Тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып қызмет атқарған.

 

Соңғы жаңалықтар