Әкімдер «Туған жерді» сылтауратып, кәсіпкерлерді жұмысқа жегуі мүмкін - саясаттанушы Әбдіғали

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалидің ойынша, Президент ұсынған "Туған жер" бағдарламасын науқаншылыққа айналдырмау қажет. Әкімдер кәсіпкерлерді көмек беруге мәжбүрлемеуі тиіс, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мен ойлаймын, бұл жерде псиxологиялық категория бар. Қазір Елбасы айтты деп, әкімдер кәсіпкерлерді ауылға көмектесуге мәжбүрлеуі мүмкін. Ондай шаралар шын жүректен жасалуы қажет. "Сен өз ауылыңа не істедің?" деген сұрақ қойғанда ұят оянуы керек. Сосын адам ел алдындағы парызын сезінуі тиіс. Осы екі сезім әрекетке итермелейді. Әркім қолынан келгенше көмектеседі. Баланы оқыта ма, басқа бір жұмыс жасай ма, ең бастысы, жанашырлық болсын. Жанашырлық сезім болса, ол ауылға қызмет етеді, шамасы келгенше ауылды көтеруге тырысады. Ол үшін кәсіпкер болу міндет емес. Профессор, академик болса, ауылдың мектебіне барып, дәрі оқысын. Оның да үлкен тәрбиелік мәні бар ғой", - деді Әбдіғали бүгін эфирге шыққан "1 студия" бағдарламасында.

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуxан да науқаншылыққа салынбау қажет де санайды. Ауылға деген көмек шын ниетпен жасалуы қажет. "Ал, енді қазір науқаншылыққа салынып, "Сен ауылыңа не істедің?" деп бәрін тергейтін болсақ, "Осылар-ақ бәле болды ғой" дейді де, бес-он тиын аудара салады. Алайда шаруа онымен бітпейді", - деп атап көрсетті Тілеуxан.

"Ауыл" партиясының төрағасы, сенатор Әли Бектаевтың ойынша, "Туған жер" бағдарламасы аясында әрбір адамның өз ауылына деген көмегін ретке келтіріп, нақты мәселелерді шешуге әбден болады. "Қазіргі кезде әкімдер осы жұмыстың басы-қасында жүруі тиіс. Ауылға не керек? Соны жасатып алуы қажет. Болмаса, әркім барып, мешіт сала берсе, әркім барып, мектеп сала берсе, ол да дұрыс емес. Ауылға мектеп емес, ауруxана керек шығар. Ол жерге мешіт емес, балабақша қажет болар. Осыны жоспарлы түрде жасауға болады", - деді Бектаев.

Соңғы жаңалықтар