Әкімдер рейтингі: Нұрсұлтан Назарбаев Исекешевті марапаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы «Парыз» сыйлығының гран-приі Еуразиялық топқа табыс етілді. Сондай-ақ, ҚР Президентінің арнаулы «Алтын сапа» сыйлығы аясындағы «Үздік индустриалды жоба» аталымында «Giessenhaus» ЖШС, «Үздік инновациялық жоба» аталымында «Recycling Company» ЖШС, «Сапа көшбасшысы» аталымында «Қазфосфат» ЖШС, «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымында «Абзал және Компания» серіктестігі марапатқа ие болды.

Сонымен қатар Елбасы бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлерді бағалаудың жаңа рейтингінде жеңіске жеткен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті марапаттады.

Соңғы жаңалықтар